Мұқыр ауылында Рамазан айына орай арақ-шарап сатылмауы жөнінде кәсіпкерлерге үндеу жасалды. Іс-шараға Сағыз ауылының имамы Нұрмұхамед Шахасан, ауыл әкімі Жақсиев Азамат және Ардагерлер кеңесі төрағасы Сақиев Ақниет қатысты.
Жиында қатысушылар кәсіпкерлерге діни және қоғамдық маңыздылықты түсіндіріп, дүкендерді аралап, үндеулер жасады. Бұл шараның мақсаты – Рамазан айында қоғамдағы рухани тазалықты сақтау және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау.



