НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ МЕШІТ АУЛАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында мешіт ауласында ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталды. Мерекелік шара аясында киіз үй тігіліп, жамағатқа ерекше рухани әрі мәдени атмосфера сыйланды.

Шара барысында ақсақалдар мен әжелер ұлттық киімдерді дәріптеп, олардың мән-маңызы мен ерекшеліктерін көпшілікке таныстырды. Қазақы нақыштағы киімдер арқылы ата-баба мұрасы мен салт-дәстүрдің сабақтастығы көрініс тапты.

Мерекелік басқосу жамағаттың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, ұрпаққа өнеге болатын тағылымды шараға айналды.