Өңірдің бас имамы Атырау телеарнасына сұхбат берді

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Атырау телеарнасына арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында бас имам өңірдегі діни ахуал, мешіттерде жүзеге асырылып жатқан игі жобалар, жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтарын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады.

Сонымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асқан жылдық жоспарлар, имамдардың біліктілігін арттыру шаралары және қайырымдылық бағытындағы жұмыстар да сөз болды.

Болатбек Ұласқанұлы дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, өңір жұртшылығын бірлікке, рухани тұтастыққа, ізгі амалдар жасауға шақырды.

Сұхбат Атырау телеарнасының алдағы шығарылымында толықтай көрсетілетін болады