“OILAN, TAP” – дін мен дәстүрді ұштастырған зияткерлік сайыс

Махамбет ауданы мешіттері арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын “OILAN, TAP” діни-интеллектуалды білім сайысының кезекті, #5-ойыны өз мәресіне жетті.

Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген бұл куиз ойыны әдеттегідей қызықты сұрақтар мен әсерлі сәттерге толы болды. Қатысушылар өз білімін ортаға салып, рухани танымдарын шыңдады.

Шараны ауданның бас имамы Нұрбек Махмутұлы ашып, ойыншыларға сәттілік тіледі. Ал сайыс соңын аудандық мешіттің наиб имамы Мағжан Игенбайұлы қорытындылап, жеңімпаздарға алғыс білдірді.

Ойын нәтижесі бойынша:
🥇 1-орын«Дәрус-Сәләм» мешіті (Махамбет ауылы)
🥈 2-орын«Ансар» мешіті (Махамбет ауылы)
🥉 3-орын«Ықылас» мешіті (Махамбет ауылы)

Бұл сайыс жастардың діни сауатын арттырып, мешіт жамағатының бірлігін нығайтуға бағытталған игі бастама болды.