Парасат мешітінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы және мұқтаж 12 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Игі шара барысында отбасыларға азық-түлік пакеттері табысталды.
Шара аясында мешіт имамы Жасұлан Қағазғалиев жиналған жамағатқа насихат айтып, қайырымдылықтың, бірлік пен бауырмалдықтың қоғамдағы маңызына тоқталды. Ол мұқтаж жандарға қолдау көрсету – мұсылмандық әрі адамгершілік міндет екенін атап өтті.
Шара соңында көмек алған отбасылар көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ақ тілектерін жеткізді.







