Парасат мешітінде тағылымды шара өтті. Мешіт жанындағы Құран оқу курсында тәлім алып жүрген 25 шәкірт Құранға түсіп, қасиетті кітапты оқуды бастады.
Салтанатты жиында мешіт имамы Жасұлан Қуанышұлы шәкірттерге арнайы Құран кітаптарын табыстап, ақжарма тілегін жеткізді. Имам өз сөзінде Құранның адам өміріндегі маңызына тоқталып, жас буынды білім мен көркем мінезге үндеді.
Шара соңында жиналған жамағат шәкірттерге ақ батасын беріп, игі бастаманың жалғасын табуына тілек білдірді.










