Мәуліт мерекесінің құрметіне орай Парасат мешітінде жамағаттың рухани серпілісін арттыру мақсатында бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде “PARASAT-QUIZ” атты интеллектуалды білім сайысына 13 команда қатысып, діни білім мен парасаттылық сынға түсті. Қорытындысында:
🥇 Ықылас мешіті командасы
🥈 Махамбет ауданы командасы
🥉 Қ.Мұңайтпасов мешіті командасы
жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ Мәуліт мерекесіне орай өткен “Салауат айту” сайысы жамағаттың ерекше ықыласына бөленді. Бұл додада:
🥇 Элдар Ящұлы – (128 092)
🥈 Азамат Бейсенғалиұлы – (96 359)
🥉 Жеңісбек Бекжанұлы – (55 406)
үздік шықты.
Шара соңында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға сәттілік пен береке тіледі.



