Қасиетті жұма күні жамағат алдында бас имам Болатбек Ұласқанұлы “Перизат тәттілері” кондитерлік мекемесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Халал даму” мекемесі тарапынан “Халал” сертификатын салтанатты түрде табыстады.
Бұл сертификат кәсіпорын өнімдерінің шариғат талаптарына және халал стандарттарына толықтай сай екенін растайды. Салтанатты рәсімде бас имам Болатбек Ұласқанұлы мекеме ұжымына адал әрі сапалы өнім ұсынудағы еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына береке мен табыс тіледі.
“Халал даму” сертификаты тұтынушылардың сенімін арттырумен қатар, отандық кәсіпорындардың шариғат талаптарына сай жұмыс істеуін ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.