Қазіргі таңда қоғамда дін саласына қатысты көптеген сын-пікірлер айтылады. Әсіресе жастардың дінге қызығушылығы, әлеуметтік желідегі діни контент, дәстүрлі құндылықтарымыз т.б.
Осы бір өзекті сауалдарымызға жауап алу мақсатында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің доценті, PhD докторы Жоламан Бұланұлымен сұхабаттасқан едік. Шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- Қоғамдағы діннің орны, адам өміріне ықпалы қандай?
Дін өзекті әрі мәңгілік тақырып. Адамзат қашан жаратылса сол күннен бастап дін және діни түсінік бар.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше дінсіз жекелеген адамдар болса да дінсіз қоғам болмағаны белгілі. Және адамзат тарихында ғылым, білім дамымай тұрғанда да дін болған.
Адам сеніммен бірге өмірге келген. Тарихты жер бетінде ең алғаш тұрғызылған қағба деп исламда моноатейстік діндерде айтылады. Осыдан ақ байқауға болады діннің адамзат қоғамындағы ықпалының ерекше екендігін. Дін адамның таным-түсінігіне, дәстүріне ықпала ететін ерекше құбылыс.
Цифрлы қоғамның дінге ықпалы қандай?
Батыс әлемінде 19 ғасырдан бастап білім-ғылым ерекше даму жолына түсті. Бұрын ортағасырда христиандық ерекше күшке ие болды. Сондықтан ғылым батыста дами бастағанда көптеген көзқарастар болған. Мысалы адамзат бақытты өмір сүру үшін білім-ғылым жеткілікті. Дін қажет емес 100 жылдың аралығында жойылады. Дінді адамзат ойлап тапқан деген сынды ойлар айтылған. Бірақ уақыт өте келе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олай болмай шыққан.
Қазіргі модерн қоғамда соңғы елу жылды алғнда технология қанша қарыштап дамыса да жастардың дінге қызығушылығы, діннен құндылық табуы көбейген. Сондықтан әлеуметтанушылар, психологтар алдыңғы айтылған пікірлердің расталмағанын айтты. Адам робот емес, эмоциясы, сезімі бар.
Жан-жақтан ақпарат көздерінің көбейуі, діни танымды арттыра түсуде. Ислами тұрғыдан айтсақ құранда жүректер алланы еске алумен тыныштық табады деген аят бар. Расында адам баласын тек материалды ғана емес ішкі рухы шексіз құдыретті пана тұтқысы келеді.
- Қазіргі жастардың діни көзқарасы қандай және оларды не қанағаттандырады?
Әр адам өмірге келгеннен кейін моральдық жетілгісі, рухани кемелденгісі келеді. Тұлға болып қалыптастудың бір жауабын руханияттан табады. Дін ұлылыққа, ізгілікке жетелейтін институт. Дінге қызығушылар көп.
Жеңілірек жауаптарға, эмоцияға толы дүниелер көп өтеді қоғамда. Ал ғылыми талдау, анализ жасау ауырлау келеді. Оған сол саладағы адамдар болмаса, көпшілік адам бас ауырта бермейді.
Ислам діні қияметке дейін адамзат баласының мәселесіне жауап беретін ұлы дін. Сондықтан кемеліне жетуі ақыл ой, ғылыми негіздермен қатар жүрсе идел болып табылады.
- Жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттау қаншалықты маңызды?
Біз біраз жыл отарландық. Қиын кезеңді бастан өткердік. Тәуелсіздіктен бері әр түрлі деструктивті ағымдар бой көрсетті. Көптеген жастардың осындай шетін көзқарасқа кетуі дәстүрлі құндылықтардың уызына тоймауынан. Сондықтан түркі тарихынан қарағанда 751 жылдан түркі және араб тарихы арасында таныстық басталған. Атлах шайқасынан соң жақындық орнаған. Мың жылдан астам уақыт ислам біздің дәстүрімізбен біте қайнасты. Оны ажырату мүмкін емес. Дәстүр мен дінті мешіт мен мектепті, ғылым мен дінді бір-біріне қарсы қоюға мүлдем болмайды. Өйткені дін ғылымға қайшы келмейді. Тарихты ата текті, мәдениетті оқыған жастар әр түрлі идеологияларға ермейді. Қоғамда әр түрлі мистикалық-культтік бағыттағы ағымдар да бой көрсетіп жатады.
- Олардан қалай сақтандырамыз жастарды?
Бұл бағытта ақпараттық ағарту, түсіндіру жұмыстары жүру керек. Сол салада мамандар жұмыс істеуі, мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуі керек.
Одан кейінгі мәселе сондай жағдайға ұрынған адамдарды оңалту, сауықтыру, түзету жұмыстары жасалуы керек. Білікті мамандар, ғалымдар жұмыс жасауы керек салада. Кейбір адамдар діни сауаты болса да теріс түсініктер болады. Ол дінді дұрыс түсінбеуден, тұтас қарастыра алмаудан болады. Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Нұркен Мағриденұлы