Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде қасиетті Қадір түнінде көпшілікпен бірге Хатым дұғасы жасалды.
«Рамазан – Құран айы. Яғни, Құран Кәрім неғұрлым көбірек оқылып, құндылықтар жаңғыратын рухани мезгіл. Осыған орай, ел мешіттерінде қасиетті айда Тарауық намазында Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан. Атырау мешіттерінде ай бойы қарилар Құран оқыды» деп атап өтті облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Осылайша, Атырауда Хатым дұғасы жасалып, жамағат еліміз бен жерімізге бақ-береке, ырыс-құт, тыныштық тіледі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі