Қасиетті жұма қарсаңында Еркінқала ауылында орналасқан Қайтпай Сұлтан мешітінде Құран оқу сабағын тәмамдаған он шәкіртке арнайы құрмет көрсетілді.
Мешіттің имамы Арман Амангелдіұлы шәкірттерге сертификат пен Құран кітабын табыстап, қасиетті кітапты үйренудің сауапты іс екенін атап өтті. Ол өз сөзінде:
«Құран – мұсылман өмірінің шамшырағы. Оны оқу – нұр, оған амал ету – құт»
— деп, шәкірттерді алған білімдерін өмірде қолдануға және ізденісті жалғастыруға шақырды.
Шара соңында жамағат шәкірттерге ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.


