Қамысқала мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Исатай ауданындағы Қамысқала ауылдық мешітінде бес отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Игі шараға ауданның бас имамы Ерлан Қуанұлы қатысты.

«Қайырымдылық – мұсылманның жүрегіндегі иманның көрінісі. Алла разылығы үшін көмек беру – үлкен сауапты іс. Мұндай шаралар қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтады», – деді Ерлан Қуанұлы өз сөзінде.

Шара барысында ауыл жамағаты ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мешіттің игі істері жалғаса беруіне тілектестік білдірді.