Бұл шара қоғамдағы әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарды қуантуды, мереке қуанышын бәріне бірдей сезіндіруді мақсат етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ет үлестіру кезінде әр отбасыға жеткілікті көлемде ет жеткізіліп, қайырымдылық қорлар арқылы тағы да көмекке зәру адамдарға қолдау көрсетілді.
Игі шараға атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіріледі. Құрбан айт – жақсылық пен жанашырлықтың мерекесі екенін тағы бір дәлелдеген бұл күн көпшілікке қуаныш сыйлады.



