Атырау облыстық өкілдігінің әйел-қыздар секторы және “Әжелер мектебінің” ұйымдастыруымен Халел Досмұхамедов университетінде тағылымды кездесу өтті.
Шара аясында университеттің аға оқытушысы, тарихшы-дінтанушы Ернар Абзалұлы аналар мен әжелер қауымымен жүздесіп, «Қазақ тарихындағы аналардың келбеті» тақырыбында мәнді де мағыналы кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды ұлықтауда аналардың рөлі, отбасы тәрбиесіндегі даналық дәстүрлер, қазақ әйелдерінің елдік істердегі орны кеңінен дәріптелді. Қатысушылар тарихи деректер мен өнегелі әңгімелерден тағылым алып, қазақ қоғамындағы аналар тұлғасының мәртебесі мен жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.
Шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да осындай рухани-танымдық кездесулердің жиі өткізіліп тұруының маңызы зор екенін атап өтті.





