Құрманғазы ауданына қарасты Темірәлі мешіті жанындағы Құран жаттау орталығында тағылымды рухани шара өтті.
Ауданның бас имамы Шалхар Дәулетханұлының бастамасымен дүниеден өткен қазақтың тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлының рухына арнап Құран хатым бағышталды.
Игі шара барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, ел мен жердің амандығы, марқұмның рухының шат болуы үшін дұға жасалды. Жиынға мешіт жамағаты мен шәкірттер қатысып, Рәтбек қажының қазақ діни өміріндегі сүбелі еңбегі мен өнегелі жолы еске алынды.
Бұл рухани басқосу жас буынға тағылым беріп, ұлт руханиятына қызмет еткен тұлғаларды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды.








