ҚМДБ МЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫ ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері Дүниежүзілік Ислам Лигасының делегациясымен ресми кездесу өткізді.

Елордада өткен басқосуға Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілдері Әл-Адуани Шакер Салах пен Абу Шааф Машхур Омар және ҚМДБ басшылық құрамы қатысты. Атап айтқанда, наиб мүфтилер Кенжетай Дүйсенбай мен Сансызбай Шоқанов, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Халықаралық байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол және Уағыз-насихат бөлімінің маманы Нұрсейіт Омар болды.

Сонымен қатар жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитеті, Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы Канапина Раухан Еділбайқызы да қатысты.

Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, діни диалогты тереңдету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Тараптар діни келісім мен жаһандық бейбітшілікті нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді. Кездесу соңында тараптар алдағы жобалар бойынша келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.