ҚОС ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

азақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында қос дін қызметкеріне пәтер кілтін табыстады.

Діни басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында көп балалы әке, діни салада талай жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Атырау қалалық «Ар Рахман» мешітінің наиб имамы Алтынбек Ажокұлына 846-баспана, Алмалы ауылдық мешітінің имамы Бекзат Жеңісұлына 847-баспана кілті берілді.

«Алла Тағала қуаныштарыңызды еселесін. Қиындықтарыңызды жеңілдетіп, шаңырақтарыңызға құт-береке жаудырсын. Осы сауапты іске үлес қосқан мешіт жамағатына және жанашыр азаматтарға Алла разы болсын. Қоныс құтты болсын» деді Бас мүфти.