Құдайдан қорық, пендеден ұял

Адамның өмірлік ұстанымын айқындайтын екі-ақ тіркес бар: «Құдайдан қорық, пендеден ұял». Бұл – ата-бабамыздың ғасырлар бойы айтып келе жатқан өсиеті. Өйткені адам баласы Алланың құзырында жауап беретінін жүрегімен сезінсе, ар-ұятын сақтаса – қоғам түзеледі, отбасы берекелі болады, әрбір пенденің жүрісі нұрға бөленеді.

Құдайдан қорқу дегеніміз – күнәдан тыйылу, аманатқа адал болу, ешкім көрмеген жерде де тура жолдан таймау. Бұл қорқыныш үрей емес, керісінше жүрекке жауапкершілік сезімін ұялататын рухани тетік. «Алладан қорыққан жанды Алла абыройға жеткізеді» деген сөздің мәні осында.

Пенденен ұялу – кісі алдында абыройлы болу ғана емес, ар-намысты аяқасты етпеу. Қазақ «Ұят – иманнан» деп бекер айтпаған. Ұятты сақтаған жан отбасына, ел-жұртына, қоғамына да үлгі болады. Егер ұят жоғалса – адамдық қасиет те әлсірейді.

Біздің салт-дәстүріміз де, дініміз де осы екі қағиданы бір-бірімен байланыстырады. Баланы жастайынан «Алладан қорық, адамнан ұял» деп тәрбиелеген қазақ ұрпағы елін сүйген, ата-анасына құрмет көрсеткен, қоғамға пайда тигізген.

Бүгінгі күні бұл сөздің мәні бұрынғыдан да терең. Егер әрқайсымыз жүрегімізде иманымызды күшейтіп, ар-ұятымызды сақтасақ – қоғамдағы көп мәселеге шешім табылар еді. Құдайдан қорыққан жүрек – тазарған жүрек. Пенденен ұялған жан – адамдықтың асылын сақтаған жан.

Нұркен Мағриденұлы