Құлсары қалалық мешітінде рухани бас қосу өтті

Құлсары қалалық мешітінде рухани бас қосу ұйымдастырылды. Жиын барысында мешіттің бас имамы Райымбек Сағындықов жамағатқа бірлік пен бауырмашылдықтың маңызы, сондай-ақ діннің асыл құндылықтары жайында кеңінен насихат айтты.

Шара аясында KERBI ұжымы мешітке тұрмыстық қажеттілік ретінде шаңсорғыш сыйға тартты. Игі іс жамағат тарапынан оң бағаланып, алғыс білдірілді.