Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанындағы Құран жаттау және сауат ашу орталығында шәкірттердің білімін пысықтау мақсатында ішкі Құран сайысы ұйымдастырылды.
Байқау екі аталым бойынша өтті:
«Құранның 5 парасын жатқа оқу» және «Құранды мәнерлеп оқу»
Жарысқа барлығы 26 үміткер қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Нәтижесінде:
«Құранның 5 парасын жатқа оқу» аталымы бойынша:
1-орын – Асылбекұлы Мұхаммедшауһи
2-орын – Қорганбеков Абдуссобр
3-орын – Ғайнеденов Ахмед
«Құранды мәнерлеп оқу» аталымы бойынша:
1-орын – Хали Мадияр
2-орын – Бақберген Айбек
🥉3-орын – Халматов Фазыл
Шара соңында жүлдегерлерге «Иманғали» мешітінің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Байқау жас қарилардың ынтасын арттырып, Құранға деген сүйіспеншілікті одан әрі күшейтті.




