ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

Атырау қаласында өткен рухани шара аясында Құранды толық меңгеріп, хатымға түскен қыз-келіншектерге қасиетті Құран Кәрім табысталды.

Игі шараны ҚМДБ Әйел-қыздар секторы ұйымдастырып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды. Құранға түсу – үлкен жетістік әрі зор жауапкершілік екені атап өтіліп, жас шәкірттерге алған білімдерін өмірде ұстанып, өзгелерге үйрету қажеттігі насихатталды.

Шара барысында ұстаздар мен ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, Құран үйренуші қыз-келіншектерге ақ баталарын берді.