Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Құрманғазы аудандық Темірәлі мешіті жанындағы Құран жаттау және сауат ашу орталығының шәкірттерімен кездесті.
Кездесу барысында бас имам жас шәкірттерге білім алудың маңыздылығы, Құранды дұрыс меңгеру және оны өмірде ұстанудың қажеттілігі туралы насихат айтты. Сонымен қатар, ислам дініндегі көркем мінез, ұстазға құрмет, ата-анаға ізет көрсету сынды құндылықтарға кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, сауат ашып, бастапқы білімді меңгергеннен кейін жоғары білім алып, діни және зайырлы оқу орындарында білімін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Осы арқылы елге қызмет етіп, қоғамға пайдалы тұлға болудың маңыздылығын насихаттады.
Жиын соңында бас имам жастарға сәттілік тілеп, білім жолындағы талпыныстарына береке тіледі.










