Құрманғазы ауданына қарасты Шортанбай ауылында игі іс жүзеге асты. Ауыл тұрғындары бірлесіп, ауыл мешітінің ауласында 150 түп тал отырғызды.
Шараның мақсаты – ауылдың көркі мен экологиялық тазалығын арттыру, жастарға табиғатты аялау үлгісін көрсету. Тал егу жұмысына ауыл имамы, ардагерлер мен жастар белсене қатысты.
Мешіт аумағына егілген жас талдар ауылдың жасыл желекке бөленуіне сеп болады. Жергілікті тұрғындар бұл игі істі жыл сайын жалғастыруды жоспарлап отыр.



