Құрманғазыда футзал және «Quiz» жарысы ұйымдастырылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Құран жаттау және сауат ашу орталығында ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай жастар арасында футзалдан және «Quiz» атты интеллектуалдық ойыннан жарыс өтті.

Шара барысында орталық шәкірттеріне арнайы дастарқан жайылды. Жарысқа Нұр, Бесарыс, Ғадият, Фалаһ және Салсабил атты бес топ қатысты.

Нәтижесінде Бесарыс тобы жүлделі бірінші орынды иеленіп, аудандық «Quiz» жарысына жолдама алды.

Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларын ауданның бас имамы Шалқар Даулетханұлы марапаттап, оларға сәттілік тіледі.