Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданы әкімі Марат Бисенғалиұлымен бірге медресе , салынып жатқан мешіттер құрылысымен танысты.
Қазіргі таңда медресе «Темірәлі» аудандық мешіті жанын салынып жатыр. Болашақ діни білім ордасының құрылысымен танысқан Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ғимаратты уақытында әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Медресе қолданысқа берілген уақытта бір мезетте 30 шәкірт білім ала алады.
Медресе құрылысы қасиетті Рамазан айы қарсаңында аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданы орталығында және Шортанбай ауылында салынып жатқан мешіттердің құрылысымен танысты. 300 адамға арналған қасиетті құлшылық мекендері Рамазан айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.