«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданында қарттарға құрмет көрсету шарасы өтті. Ізгі іске ауданның бас имамы Шалқар Дәулетханұлы арнайы қатысып, ауылдың ақсақалдары мен аналарын зиярат етті.
Имам қарияларға сәлем беріп, сый-сияпаттар табыстады. Шараның мақсаты – үлкенге құрмет көрсету дәстүрін жаңғырту, қоғамда ізгілік пен мейірімділікті дәріптеу болды.



