Құрманғазыда Құран сайысы өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Құрманғазы аудандық Темірәлі мешітінде шәкірттер арасында Құран жаттау сайысы ұйымдастырылды.

Игі шараны ауданның бас имамы Шалхар Дәулетханұлы ашып, ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған боздақтардың рухына Құран бағыштап, хатым дұғасын жасады. Сондай-ақ Құран сайысының тәрбиелік әрі рухани маңызына тоқталды.

Сайысқа барлығы 28 шәкірт қатысып, Құран Кәрімнің 28, 29 және 30-параларын жатқа айтудан өзара бақ сынасты. Нәтижесінде:

30-пара бойынша:

  1. Сүйіндіков Жасұлан
  2. Алмас Тамерлан
  3. Еснияз Ержан

29–30-пара бойынша:

  1. Исатаев Бексұлтан
  2. Айсаев Әділжан
  3. Галешов Жалғас

28–29–30-паралар бойынша:

  1. Көшер Абдусамат
  2. Қанатұлы Ерғазы
  3. Утепберды Райынбек

Сайыстың әділ әрі талапқа сай өтуін мешіт ұстаздары қадағалады.

Шара соңында арнайы дастархан жайылып, ауданның бас имамы Шалхар Дәулетханұлы Құран сайысын ұйымдастыруға және қолдау білдірген демеушілерге Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласханұлының атынан алғыс хаттар табыстады.