«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітіне қарасты Құран жаттау және сауат ашу орталығында білім алып жатқан шәкірттерге дастархан жайылды. Шара барысында қор өкілдері оқу орнына қажетті дезинфекциялық және тазалық құралдарын табыстады. Бұл игі іс шәкірттердің білім алуына қолайлы жағдай жасау мен олардың рухани дамуын қолдауға бағытталды. Мұндай шаралар жас ұрпақты ізгілікке, тазалыққа және қайырымдылыққа баулуда маңызды рөл атқарады.

