Қызылқоға ауданында имамдардың жиыны өтті

Қызылқоға ауданында имамдардың жиыны ұйымдастырылды. Басқосуда ауданның бас имамы Мұрат Алдоңғарұлы сөз сөйлеп, биылғы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылатын жұмыстарды пысықтады. Жиында аудан көлемінде өткізілетін діни-рухани шаралар, ағартушылық бағыттағы бастамалар және қоғамдағы адалдық пен жауапкершілікті нығайтуға арналған іс-шаралар талқыланды.