Қызылқоғада бас имам Мұрат Сұлтанов оқушылармен кездесті

Қызылқоға ауданының бас имамы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұрат Сұлтанов Мұқыр орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында имам жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы, адамгершілік пен рухани тәрбие жайында кеңінен әңгімелеп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Шараның мақсаты — жасөспірімдердің діни сауатын арттыру, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу болды