Жиын барысында қасиетті Рамазан айында өткізілетін қайырымдылық шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ауызашар дастархандарына ұсынылатын және мұқтаж жандарға таратылатын азық-түлік өнімдерінің халал талаптарға толық сай болуы мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Осыған орай ҚМДБ-ның «Халал даму» мекемесінің өңірдегі өкілі Назарбай Абдуроманов имамдарға халал өнімдерге қойылатын талаптар, сертификаттау тәртібі және тұтыну кезінде сақталуы тиіс қағидалар жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда күмәнді немесе талапқа сай келмейтін өнімдерді пайдаланбау қажеттігі атап өтілді.




