Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы-ның Атырау облысындағы өкілдігі қайырымдылық шарасын өткізді. Болатбек Ұласқанұлының бастамасымен, Зекет және қайырымдылық қоры өкілдерінің ұйымдастыруымен және демеуші жандардың қолдауымен Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында кездесу өтті.
Іс-шара барысында орталық мамандарына «Рамазан сыйы» тарту етілді. Атап айтқанда, мекемедегі тәрбиешілер мен медицина қызметкерлеріне сыйлықтар табысталып, тәрбиеленуші балаларға тәттілер үлестірілді.
Аталған орталықта Даун синдромы, Церебралды сал ауруы (ДЦП) және басқа да ерекше күтімді қажет ететін балалар тәрбиеленуде. Қазіргі таңда мекемеде 110 балаға арнайы мамандар тұрақты түрде әлеуметтік және медициналық көмек көрсетіп келеді.
Кездесу барысында мекеме басшылығы бас имам бастаған дін қызметкерлері мен қор өкілдеріне алғыс айтып, игі іске ризашылығын білдірді.






















