Рамазан кезінде ішімдік саудасына шектеу қойылды

Бақтыгерей молла мешітінің имамы Асылбек Тілебергенұлы мен ауыл ақсақалдарының бірлесуімен Қызылбалық ауылының азық-түлік дүкендерінде қасиетті Рамазан айында ішімдік сатылмауы жөнінде насихат жүргізілді. Әңгіме барысында діни және әлеуметтік мәні түсіндіріліп, 8 дүкеннің иелері бұл ұсынысты қолдап, ішімдік сатудан бас тартуға келісті.

Бұл шара қоғамда рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды қадам болып отыр.