Жиын барысында қасиетті Рамазан айында жүзеге асырылатын қайырымдылық шаралары туралы кеңінен мәлімет берілді. Осы бағытта ҚМДБ-ның Зекет және қайырымдылық қорының өңірдегі өкілі Шалхар Даулетханұлы жиналған имамдарға қор тарапынан атқарылатын жұмыстар, қайырымдылық оны мұқтаж жандарға әділ әрі жүйелі түрде жеткізу тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірме жасады.
Сонымен қатар, Рамазан айында ұйымдастырылатын қайырымдылық акциялары, азық-түлік себеттерін тарату, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері туралы нақты ақпарат берілді. Шалхар Даулетханұлы қайырымдылық шараларын жүзеге асыруда ашықтық пен сенімділіктің маңызын атап өтіп, имамдарды жамағатқа дұрыс бағыт-бағдар беруге шақырды.







