Атырау – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асқан “Рамазан сыйы” республикалық қайырымдылық акциясы аясына қатысты.
Атырау қалалық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен, «Зекет және қайырымдылық қорының» өңірдегі өкілдерінің ұйытқы болуымен 50 отбасына азық-түлік берілді.
Игі шараға Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, аналарға лебізін білдірді.
«Қасиетті рамазан айының артықшылықтары өте көп. Бұл – қайырымдылық айы. Мешіттеріміз қашанда қамкөңіл жандарды назардан тыс қалдырмай мүмкіндігінше жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі қайырмдылық шарасы да соның бір көрінісі. Рамазан айында жасаған істеріміз сауаптан болсын, баршаңызға амандық тілеймін. Ұрпақ қызығын көріңіздер. Демеуші жандарға Алла разы болсын»,-деп тілегін жеткізді бас имам.
Айта кетейік, “Рамазан сыйы” жобасы аясында Рамазан қоржыны, Рамазан тәттілері, сынды қайырымдылық шаралары облыс көлемінде жалғасуда.



