РАМАЗАНДА АТЫРАУДА 1199 ЖАМАҒАТҚА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

Рамазан айында Атырау өңірінде ұйымдастырылған ауызашар дастархандары, тарауих намаздары және әлеуметтік желілер арқылы жамағатқа кең көлемде насихат жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, қасиетті ай барысында 1199 насихат айтылып, тұрғындарға Рамазанның мән-маңызы, оразаның тағылымы, қайырымдылық пен ізгіліктің орны кеңінен түсіндірілді.

Бұл насихаттар жамағаттың діни сауатын арттырып қана қоймай, қоғамда бірлік пен бауырмалдықтың нығаюына оң ықпал етті.