РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ: ЖАМАҒАТҚА АРНАЛҒАН МАСТЕР-КЛАСС

Атырауда «Ислам және адал қоғам жылы» аясында жамағатқа арналған «Рамазанды тиімді өткізудің бес тәсілі» атты мастер-класс өтті.

Рухани шараны Атырау қаласындағы Мәулімберген мешітінің имамы Наркес Боханов жүргізді. Мастер-класс барысында имам қасиетті Рамазан айын мазмұнды әрі пайдалы өткізу жолдарына тоқталып, оразаның рухани тәрбиелік маңызы, уақытты тиімді жоспарлау, ғибадат пен қайырымдылықты үйлестіру, отбасылық тәрбие және сабыр мен көркем мінезді қалыптастыру жөнінде кеңінен насихат айтты.

Шара жамағат тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап алды. Мастер-класс Рамазан айын саналы түрде өткізуге бағытталған тағылымды кездесу ретінде жоғары деңгейде өтті.