РАНТ мүшесі, белгілі исламтанушы Арман Баймаханұлы Атырауда жұма уағызын жүргізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Түркістан облысы Балаби Қари қарилар даярлау орталығының директоры Арман Баймаханұлы Атырау облысына іссапармен келді.

Сапар барысында ол Иманғали орталық мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты. «Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері» тақырыбында жүргізілген насихатта Арман Баймаханұлы мұсылман үмбетінің бірлігін сақтау жолында еңбегі сіңген ұлы ғалымдардың өнегелі жолын атап өтті.

Уағыз барысында ол:

«Имам Ағзам Әбу Ханифа бастаған ұлы ғалымдар мұсылман үмбетінің бірлігі мен татулығын сақтау жолында өз өмірін сарп етті. Олардың даналығы мен ілімі – шариғаттың шамшырағы, адамзатқа тура жол нұсқаған мәңгі мұра. Біздің де борышымыз – ата-бабамыз жүрген Ханафи мәзһабының сара жолын берік ұстанып, ілім мен иманды ұштастырып, бірлік пен бауырмалдықты өміріміздің өзегіне айналдыру. Алла Тағала баршамызды шынайы іліммен нұрландырып, ғалымдарымыздың сара жолымен жүруді нәсіп еткей!» – деп жамағатқа ізгі тілегін жеткізді.

Сапар аясында ұстаз Арман Қуанышбаев жергілікті дін қызметкерлерімен, жамағатпен пікір алмасып, тәлімдік бағыттағы кездесулер өткізуі жоспарлануда.