САҒЫЗ АУЫЛЫ МЕШІТІНДЕ АСЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Сағыз ауылындағы Абдолла хазірет мешітінде жастардың бос уақытын тиімді өткізу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және бірлікті нығайту мақсатында асық ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Шара барысында мешіт жамағаты мен жастарға арнап рухани дастархан жайылып, жылы жүздесу мен тағылымды әңгімелер өрбіді. Кездесу жастардың рухани тәрбиесін күшейтіп, мешітпен байланысын арттыруға бағытталды.