Сағыз ауылындағы Абдолла хазірет мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды білім сайысы ұйымдастырылды.
Шараға ауылдың жастары, мешіт жамағаты және ақсақалдар қауымы белсене қатысып, ислам құндылықтары мен ұлттық дәстүр арасындағы үйлесімділікті дәріптеді.
Мешіт имамы Нұрмұхаммед Шахасанұлы қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп,
«Дін мен дәстүр — ұлттың рухани өзегі. Екеуінің сабақтастығы қоғамның берекесін арттырады»,
— деп атап өтті.
Білім сайысы нәтижесінде:
🥇 1-орынды – Жастар командасы,
🥈 2-орынды – Мешіт жамағаты,
🥉 3-орынды – Ғибрат командасы иеленді.
Шара соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталып, қатысушыларға Алла разылығы үшін дұға жасалды.












