Сағыз ауылында рухани отырыс өтті

Сағыз ауылындағы «Абдолла хазірет» мешітінде ауыл ақсақалдары мен үлкендеріне құрмет көрсетуге арналған рухани отырыс өтті.
Шара барысында дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жастарды ізгілікке баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тақырыптары талқыланды.

Мешіттің имамы Нұрмұхаммед Шахасанұлының айтуынша, бұл шаралар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жүзеге асып келеді.
Имамның сөзінше, ауыл мешіті жанында дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту, рухани тәлім-тәрбие беру бағытында тұрақты кездесулер ұйымдастырылып, ауыл жастары мен ақсақалдары арасындағы байланысты нығайтуға басымдық берілуде.