Сағыз ауылында жамағат арасында білім сайысы өтті

Сағыз ауылындағы «Абдолла хазірет» мешітінде жамағаттың діни білімін арттыру мақсатында танымдық білім сайысы өтті. Шараға мешіт жамағаты белсенді қатысып, Құран, хадис, фиқһ және ислам тарихы бағыттарындағы сұрақтарға жауап берді.

Сайыс барысында қатысушылардың білім деңгейі ғана емес, бір-бірімен ынтымақ пен татулықта болу мәдениеті де айқын көрінді. Мешіт имамы сайыстың басты мақсаты — жамағат арасында діни сауаттылықты арттырып, имандылық пен бауырмалдықты нығайту екенін атап өтті.