Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жергілікті имамдармен кездесіп, шариғат және пәтуа тақырыбы аясында семинар ұйымдастырды.
Имамдардың біліктілігін арттыру семинары аясында дәріс оқып, зияткер имам тақырыбында ой бөлісті.
«Қазіргі таңда дін қызметкерлеріне қойылатын міндеттер уақыт пен заман талабына сәйкес күшеюде. Осыған орай, дін қызметкерінің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру басты мақсаттың бірі. ҚМДБ мешіттерді құлшылық орнымен қатар рухани, имандылық орталықтарына айналдыруды көздейді. Мешіттерде қызмет жасайтын имамдар мен ұстаздар діни іс-шараларды үйлестіру жұмыстарын шебер меңгерген білімді, білікті, үлгілі, іскер, жасампаз, жамағатты отансүйгіш рухта тәрбиелей алатын, сондай-ақ, өркениет көшіне бастай білетін толыққанды маман болуын мақсат етеді» деп атап өтті наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.