«Сұлтан Бейбарыс» мешітінде «Адал еңбек еткенің, Алла жолында жүргенің» атты дөңгелек үстел өтті

Атырау қаласындағы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде түрлі жұмысшы мамандық иелері бас қосып, «Адал еңбек еткенің, Алла жолында жүргенің» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шарада адал еңбектің қоғамдағы орны, кәсіп иелерінің жауапкершілігі мен исламдағы еңбек құндылықтары сөз болды.

Жиында мешіттің бас имамы Ержан Қуанышұлы сөз сөйлеп, еңбек адамына деген құрмет пен маңдай термен табылған ризықтың берекесі туралы насихат айтты.