Атырау қаласындағы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде ҚМДБ «Муфтият» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы талқыланды. Шара «Бір айда – бір кітап» жобасы аясында ұйымдастырылып, жамағат арасында тарих пен руханиятқа деген қызығушылықты арттыруды көздеді.
Кездесуде мешіттің бас имамы Ержан Қуанышұлы сөз сөйлеп, кітаптағы деректердің тәлімдік мәніне тоқталып, бабаларымыздың діни білімге деген ықыласы мен мұсылмандық мектептердің қоғамдағы орны туралы ойымен бөлісті.



