Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен, ел бойынша 500 шаңырақ баспаналы болды.
Олардың қатарында дін қызметкерлерімен бірге, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылар бар.
Қайырымдылық бағытындағы баспаналар мүфтият іске қосқан «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп келеді.
Бір ғана Атырау облысында мешіттердің ұйытқы болуымен жыл басынан бері 11-ге жуық баспана берілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.