Төрт түлік малдың зекеті қалай беріледі?

Жарты жылдан көп уақытта жайлауда өсіретін қой, ешкі, өгіз, сиыр, түйе, жылқы секілді үй жануарларынан да зекет беріледі.

Үй шаруашылығына пайдаланатын малдардан және есек, қашыр, бұғы, елік секілді хайуандардан зекет берілмейді.

Қой мен ешкінің нисабы – 40 тұяқ.  

Қойдың (ешкінің) саныБерілетін зекет 
1-39
40-1201 қой (ешкі)
121-2002 қой (ешкі)
201-3993 қой (ешкі)
400-4994 қой (ешкі)  

Кейін әр жүзден 1 қой беріп отырады. Қой мен ешкі бірге саналады.Сиырдың нисабы – 30 бас.  

Қарамалдың саны   Берілетін зекет
1-29
30-39бір жасар 1 тана
40-59екі жасар 1 тана
60-69бір жасар 2 тана
70-79бір жасар 1 тана және екі жасар 1 тана
80-89екі жасар 2 тана
90-99бір жасар 3 тана
100-109бір жасар 2 тана және екі жасар 1 тана
110-119 бір жасар1 тана және екі жасар 2 тана
120-129бір жасар 4 тана немесе екі жасар 3 тана  

40-тан артып, 60-қа жеткенше екі жасар 1 танадан бөлек ешнәрсе берілмейді [1]. Онан соң есеп әр он сиырда өзгеріп отырады. Сиыр, өгіз, тана, бұзау – бәрі бірге есептеледі. Зекетке берілетін тананың еркек не ұрғашысына қарамайды.Түйенің нисабы – 5 бас.   

Түйенің саны Берілетін зекет
1-4
5-9    1 қой
10-142 қой
15-193 қой
20-244 қой
25-35бір жастан асқан бұзбаша (бинт мәхад)
36-45екі жастан асқан құнанша (бинт ләбун)
46-60үш жастан асқан інген (хиққа)
61-75төрт жастан асқан інген (жәзаға)
76-90екі жастан асқан 2 құнанша (бинт ләбун)
91-120үш жастан асқан 2 інген (хиққа) 

Әрі қарай әр беске 1 қой, ал әр 46 мен 50 түйеде үстіне үш жастан асқан бір інген қосып беріп отырады.Жылқыдан да зекет беріледі. Жылқылар тек байтал немесе айғыр-байтал аралас болуы және оларды қосып бағасын есептегенде, құны нисап мөлшеріне жетуі шарт. Сосын жылқылардың бағасы ақшалай есептеліп, оның 2,5%-ы (1/40) зекетке бөлінеді. Жемдеп бағылатын және мінетін жылқыларға зекет берілмейді.

Зекетке тиісті түлік малдың орнына олардың ақшасын беруге де болады. Жылдың басында нисапқа толған малы жыл бойы өсіп көбейсе, зекетті жылдың соңындағы нисаптың есебімен береді[2].  

Дайындаған Хасан Аманқұл  

[1] «Әл-фәтауа ат-татархания фи әл-фиқһ әл-ханафи», 2/6.

[2] «Фатху баб әл-ғиная би шархи китаб ан-нуқая», 2/39.