Түзету мекемесінде Рамазанның құндылықтары насихатталды

Атырау қаласындағы №75 ерлер түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған кездесу өтті. Кездесу барысында қасиетті Рамазан айының құндылықтары, оразаның сауабы және Қадір түнінің маңызы туралы насихат айтылды.

Жиында Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев Рамазан айының адам тәрбиесіндегі орнына тоқталып, оразаның сабыр мен тақуалыққа баулитынын жеткізді. Сонымен қатар Қадір түнінің артықшылығы туралы айтып, бұл түннің мың айдан да қайырлы екенін түсіндірді.

Кездесу барысында жазасын өтеушілер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имам тарапынан діни тұрғыда жауап алды. Рухани шараның мақсаты – қоғам мүшелеріне имандылық пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау болып табылады.