Уақып жұмысын жандандыруға бағытталған түсіндірме жиыны өтті. Басқосу барысында уақыптың діни-әлеуметтік маңызы, оны мешіттерде жүйелі түрде дамыту және қоғам игілігіне тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында Иманғали орталық мешітінің наиб имамы, уақып бағыты бойынша өңірге жауапты маман Ажоқ Саясатұлы өңір имамдарына арнайы хабарлама жасап, уақып институтының тарихы, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ уақып мәдениетін қалыптастыру, жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және уақыпқа қатысты бастамаларды қолдау қажеттігіне тоқталды.
Басқосуда уақып арқылы қайырымдылықты жүйелеу, әлеуметтік көмек көрсету аясын кеңейту және мешіттердің әлеуметтік рөлін арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Жиын соңында имамдарға уақып бағытында атқарылатын жұмыстарды біріздендіріп, жоспарлы түрде жүзеге асыру тапсырылды.






