Атырау қаласында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының және «Сырлы сұхбат» әйелдер клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты тағылымды киімдер көрсетілімі өтті.
Іс-шара барысында қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерінің ерекшелігі, оның ішінде кимешек пен өзге де дәстүрлі киім үлгілерінің мән-мағынасы кеңінен насихатталды. Ұлттық киімнің тек сәндік бұйым емес, халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы екені айтылды.
Кеш аясында тәжірибелі әжелер – Тулеушева Жібек, Гүлжан Жүзжасарқызы сынды ісмер жандар өз қолдарымен тіккен кимешек түрлерін көпшілікке ұсынып, олардың жасалу жолдары мен ерекшеліктері туралы баяндады. Көрсетілім қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттырды.
Шара соңында ұйымдастырушылар ұлттық мұраны дәріптеу – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

















